Мәдениет

Бекзат өнердің бедері

Елорданың жиырма жылдық торқалы тойына қалалық Мемлекеттік академиялық филармониясы «Астана» концерт залында танымал француз дирижері Филипп Юидің қатысуымен Жак Оффенбахтың «Гофманның ертегілері» операсының концерттік қойылымын ұсынды.

Бұл туынды терең философия­лық ойлар мен романтикалық жұмбақ символдарға толы. «Гоф­манның ертегілері» композитордың соңғы еңбегі саналғандықтан, автордың cегіз қырлы, бір сырлы жан екендігін толық ашады.
Жак Оффенбахтың аталған шығармасы сюжеттік желілері мен драмалық вокалдық және оркестрлік партияларының күрделілігінен аса қиын еңбектер қатарына жатады. Ал бұл қойы­лымға елордалық филармонияның Камералық хоры, Симфониялық оркестрі, сондай-ақ, Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің солистері жоғарғы деңгейде дайындалған. Мәселен, Рамзат Балакишиев, Айзада Қапанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Дина Хамзина, Руслан Совет, Азамат Жылтыркөзов секілді дарынды әртістер өз рөлдерін жүрекке жететіндей тамаша ойнады.
Концерттік қойылымның дирижері 2013 жылы негізі қаланған «la Philharmonie des Deux Mondes» («Екі әлем» филармониясы) музыкалық директоры, Франц Шрекер институтының музыкалық директоры, Тур, Метц, Реймс, Лимож, Авиньон, Тулон, Ренн, Париж және басқа да беделді халықаралық фестивальдардың лауреаты Филипп Юи болды. Ал Симфониялық оркестрге Берік Батырхан, Камералық хорға Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова жетекшілік жасады. Ауқымды дүниені ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл концерттік қойылымның «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үйлесетін тарихи мұраны дәріптеу, оны сақтау секілді тағылымдық астары да бар екен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button