Имантаразы

Білгіңіз келсе…

Су жануарларының қайсысын жеуге болады?

Ассалаумағалейкум! Менің ес­туім­ше, су жәндіктерінің етін жеу – шариғатқа қайшы емес. Алайда, судан кейде жиіркенішті хайуандар да кездеседі емес пе? Мәселен, құрбақа, рак (су шаяны), сегізаяқ, т.б. Соларды да жеуге шариғат рұқсат бере ма?
Сәрсен

Уағалейкумассалам! Сәрсен бауы­рым, Ханафи мәзһабы бойынша су хайуандарының ішінен тек «балық тектестерді» ғана жеуге рұқсат (Маусули, Ихтияр – 4/247-бет ). Ал, құрбақа, су шаяны секілді балық түріне жатпайтын су жәндіктерін жеу көзге әрі адам табиғатына жиіркенішті болғандықтан – мәкрүһ. Десе де, тәбеті тартқан адамдарға балықтан өзге де суда өмір сүретін хайуандардың етін жеуге болады дейтін ғалымдар да жоқ емес (Әл Кәсәни, Бадаиғ – 6/175, 176-бет). Бұл пәтуа, әсіресе, адал ет табыла бермейтін діні бөлек елдерде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға жеңілдік болып табылады.

«Қара касса» ойнауға бола ма?

Кейде бірнеше адам қосылып, «қара касса» ойнаймыз. Бұл шари­ғатқа қайшы емес пе?
Мейірбек

Мұндай ойын түрін мамандар ша­риғатқа қайшы емес дейді. Себебі, бұл ойында харам дейтіндей өсім жоқ. Мұнда тек өсімсіз қарыз беру жүйесі ғана жүреді. Яғни, ортаға тасталған ақша кезекпе-кезек барлығына беріліп шығады. Кезегі келген адам, бірнеше ай бойы берген қарызың кері қайтарған болады. Бұл жерде басты мақсат – жәрдемдесу (У.Зухайли, Фатауа Муғасыра – 126, 155-бет. Дамаск, Хисамуддин бин Ғафана – 1/156-157-бет. Қудус).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button