Sport

Бір ойыншының билігіндегі ойын

Біз өткен жолы әлем чемпионатының ашылу салтанаты мен содан кейін іле-шала ойналған Ресей – Сауд Арабиясы құрамалары матчы туралы репортаж берген едік. Содан кейін бұрнағы күннің түніне дейін тағы 11 ойын ойналды. Бұл күндер сенсациялар мен пенальтилерге толы кезең болды.

«Сенсация» дегенде біздің тіліміздің ұшына ең алдымен әлем чемпионы – Германия ұлттық командасының күтпеген жерден Мексикадан 0:1 болып ұтылып қалғаны оралады. Бұдан бөлек, мамандар Аргентина – Исландия, Бразилия – Швейцария араларындағы кездесулердің 1:1 есебімен тең аяқталуы да сондай күтпеген нәтижелер қатарына жатқызып жатыр.

Мадридтің «Реалында» да талай кездесудің тағдырын жеке-дара шешіп беріп жүрген бұл форвардтың Португалия құрамасы сапындағы алатын орны тіпті бөлек-тін. Ол мұны 16 маусым күні Сочиде ойналған Португалия – Испания матчында жасаған хет-тригі арқылы таблодағы есептің 3:3 болып тоқтауын қамтамасыз етіп, тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Әзірге чемпионаттағы барынша тартысты да қызықты ойын осы болды. Жан беріп, жан алысатындай бұл кездесуге кәнігі қарсыластар сақадай сай даяр келді. Сондықтан ол бір түбектегі ежелден бәсекелес екі ел құрамалары арасындағы интриганың шын кескін-келбетін көрсетіп берді. Бұған чемпионат басталар алдында ғана Испания құрамасының бас жаттықтырушысы Хулен Лопетегидің «Реал» (Мадрид) командасына кетіп қалуы мен оның орнын Фернандо Йерроның шұғыл басуы бұл шиеленістің түйінін күшейте түспесе, әсте азайтқан жоқ. Кездесу екі түрлі ойын жүйесін тайталасқа түсіруге тиісті еді. Олай болатыны, құрамында сайдың тасындай сайыпқырандары мол Испания қашанда бірінші нөмірмен ойнап үйренсе, португалдар, керісінше, қарс ыласының мәнеріне қарай қимылд ауға бейім-тін. Алайда Роналду мен оның командасы «қызыл фурияның» психологиялық жағынан олқы-толқы болып тұрғанын тез аңғарды да, бұрынғы салтты бұзып, төреш інің ысқырығы естілген сәттен құйындай құйғытып, шабуылға шықты. Еуропа чемпиондары сол пәтімен 4-минутта Криштиану шалып құлатылды деген желеумен испандар қақпасына турнирдегі бірінші пенальти белгіл еніп, оны Роналдудың өзі соққанға дейін дамыл тапқан жоқ.

Таймның орта тұсына келгенде, испандар өздерін байырғы кездердегідей тым еркін сезініп, шабуыл үстіне шабуылды үдете түсті. Мұндай сәт жауап голдың соғылу сәтін де тым кешеуілдете қоймады. Ойынның 24-минутында мұны Диего Коста жүзеге асырды. Әзелде португалдар бастаған қарсы шабуыл жарты жолда үзілді де, испандар алға қарай андағайлап ұмтылды. Кенет алыстан жіберілген допты орталық шабуылшы қағып алды да, қарсыластардың үш қорғаушысы жанынан сытылып шығып, қақпаға қарай зу еткізді. Гол!

Бұдан кейін португалдардың абыржыған сыңайлары байқалды. Енді көршілері бұрынғыдан да сенімді ойнауға кірісті. Бұл кезде олардың, әсіресе, сол қанаты ерекше белсенді көрінді. Сол қапталдағы Хорди Альба алға қарай жиі озып, Андрес Иньестамен үйлесімді қимыл жасаса бастады. 26-минутта «Реалдың» жартылай қорғаушысы алыстан доп жөнелтіп, маңдайшаны теңселтіп өтті. Одан төмен құлдилаған доп ортадағы сызықтың арғы тура үстінен кері серпілді. Бақсақ, бұл сәтсіздік бұдан кейін испандар қақпашысы Давид де Хеаның бастан кешкенінің жанында түк болмай қалады екен. Тайм түгесілуге бір минут қалғанда, ол Роналдудың туралай тепкен добының өзіне тосқауыл бола алмай, тордың аумағына гүмп ете қалуына жол беріп қойды. Осылайша португалдар күтпеген жерден 2:1 есебімен алға шығып кетті.

Кездесудің келесі қызу шақтары екінші таймның үлесіне тиді. Испандар 55-минутта керемет комбинация ұйымдастыра білді. Екі рет берілген дәл пастан кейін доп қарсыластардың қақп а алаңына жеткізілді. Сол жерде шалттық көрсеткен Коста допты екі бағанның ортасына қарай бағыттай салды. Ал бұдан кейін араға 3 минут салып, Начо түсірген үшінші доп бұдан да керемет болып шықты. Бұл кездесуде испандар бірінші рет алға шықты – 3:2!

Міне, осыдан кейін «қызыл фурия» енді қайтып қарсыластарына бой бере қоймайтындай болып көрінген. Алайда мундиаль басталар алдында ондағы ең мықты голкиперлердің бірі болады деген үміт артылған «Ливерпульдің» дарбазашысы Де Хеа матч бітуге 2 минут қалғанда мұның да күлін көкке ұшырды. Ойынның 87-минутында қарсыластардың алаңы алдында айып добы белгіленуіне қол жеткізген Роналду оны 20 метр жерден қақпаға дәл түсіріп, кездесудің ақырғы нәтижесін белгілеп берді. Допты испандар «қорғанының» үстінен айналдыра ұшырған Криштиану оны «тоғыздыққа» топ еткізіп түсірді.

Әлбетте, бұл матчтың үздік ойыншысы атағы да осы Роналдуге берілді. Сөйтіп, еңістен салса, төске озатын шабуылшы өз командасының қоржынына чемпионаттың алғашқы ұпайын салды.

Үлкен футболда кейде бір ойыншының бір команда жүгін көтеріп кетіп, матчтың қорытынды есебіне тікелей әсер ететін кездері кездеседі. Бірақ ондай футболшылар қай заманда да тым көп болмаған. Сол сиректің бірі Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду еді

ТУРДЫҢ ЕСЕП-ҚИСАБЫ

* Маусымның 18-і күні кешке дейін чемпионатта 12 матч ойналды.

* Бұл ойындарда ең көп кездескен есеп – 1:0. Ол 6 рет тіркелді.

* 12 матчта 26 гол соғылды. Бұл әр матчта орта есеппен 2,16 доптың қақпаға түскенін көрсетеді.

* Осы аралықта 35 футболшы ескерту алды.

* 12 матчты 579099 адам тамашалады. Бұл – әр кездесуде орта есеппен 48282 көрермен болды деген сөз.

* Жанкүйерлер «Лужникиде» өткен Ресей – Сауд Арабиясы, Германия – Мексика арасындағы ойындарға ең көп жиналды. Оларға 78011 адам келді.

* Ең аз көрермен Калининградта Хорватия – Нигерия арасындағы кездесуде тіркелді. Бұл ойынға 31136 билет сатылды.

* Осы кезге дейін 7 пенальти белгіленіп, олардың 5-і қақпаға түсті.

* Турда 1 хет-трик, 2 дубль жасалды, 3 автогол соғылды.

* Мергендер көшін 3 доппен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастады.

 

ТУРНИР ТАБЛОСЫ

14 маусым Мәскеу. «Лужники». Ресей – Сауд Арабиясы 5:0

Голдар: Юрий Газинский (12), Дмитрий Черышев (43, 90+1), Артем Дзюба (71), Александр Головин (90+4) Ескертулер: Александр Головин (88) – Таисир әл-Джассим (90+3)

15 маусым Екатеринбург. Египет – Уругвай 0:1

Гол: Хосе Мария Хименес (90) Ескертулер: Трезеге (Е, 90+6), Ахмед Хегази (Е, 90+6)

Санкт-Петербург. Марокко – Иран 0:1

Гол: Азиз Бухаддуз (90+5, автогол) Ескертулер: Карим әл-Ахмади (34) – Масуд Шоджаи (10), Әлиреза Жаханбахш (47), Карим Ансарифард (90+3)

16 маусым Сочи. Португалия – Испания 3:3

Голдар: Криштиану Роналду (4, пенальти, 44, 88) – Диего Коста (24, 55), Начо (58) Ескертулер: Бруну Фернандеш (28) – Серхио Бускетс (17)

Қазан. Франция – Австралия 2:1

Голдар: Антуан Гризманн (58, пенальти), Әзиз Бехинач (81, автогол) – Миле Единак (62, пенальти) Ескертулер: Корентен Толиссо (76) – Меттью Леки (13), Джошуа Рисдон (57), Әзиз Бехич (87)

Мәскеу. «Спартак». Аргентина – Исландия 1:1

Голдар: Серхио Агуэро (19) – Альфред Финнбогасон (23) Соғылмаған пенальти: Лионель Месси (А, 64, қақпашы)

Саранск. Перу – Дания 0:1

Гол: Юссуф Поульсен (59) Соғылмаған пенальти: Кристиан Куэва (45+1, қақпадан жоғары) Ескертулер: Ренато Тапиа (38) – Томас Дилейни (86), Юссуф Поульсен (90+3)

17 маусым Калининград. Хорватия – Нигерия 2:0

Голдар: Огенекаро Этебо (32, автогол), Лука Модрич (71, пенальти) Ескертулер: Иван Ракитич (30), Марцело Брозович (89) – Уильям Эконг (70)

Самара. Коста-Рика – Сербия 0:1

Гол: Александар Коларов (56) Ескертулер: Франсиско Кальво (22), Давид Гусман (56) – Бранислав Иванович (59), Александар Прийович (90+8)

Мәскеу. «Лужники». Германия – Мексика 0:1

Гол: Ирвинг Лосано (35) Ескертулер: Томас Мюллер (83), Матс Хуммельс (84) – Эктор Морено (40), Эктор Эррера (90)

Дондағы Ростов. Бразилия – Швейцария 1:1

Голдар: Филиппе Коутиньо (20) – Стивен Цубер (50) Ескертулер: Каземиро (47) – Штефан Лихтштайнер (31), Фабиан Шер (65), Валон Бехрами (68)

Нижний Новгород. Швеция – Корея 1:0

Гол: Андреас Гранквист (65, пенальти) Ескертулер: Виктор Классон (61) – Ким Сон Ук (12), Хван Хи Чхол (55)

Серік ПІРНАЗАР

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button