Жаңалықтар

Биылғы маусымда 2 768 өрт болды

Жылыту маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 2 768 өрт болды, оның салдарынан 96 адам қайтыс болды, улы газбен улану (өрт туындамай) салдарынан 7 адам қайтыс болды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылыту маусымының сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт санының 5,4 пайызға өскені байқалады. Өрт кезінде мерт болғандар саны 11,6 пайызға, газдан улану салдарынан (өрт туындамай) қайтыс болғандар саны 53 пайызға төмендеген. Өрттің туындауы, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы қаупін азайту мақсатында министрлік жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ауқымды профилактикалық жұмыс ұйымдастырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button