Мәдениет

Тәуелсіздік – тірегіміз

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов ұжымның Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

«Келесі жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көптеген іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр. Соның ең ауқымдыларының бірі – Тәуелсіздігімізге арналған кітап көрмесі. Бұл көрме офлайн және виртуалды форматта ұйымдастырылады. Яғни көрмені кітапханаға келіп те көруге болады және онлайн форматта да танысуға мүмкіндік қарастырылады. Одан бөлек, фотосуреттер көрмесі өтеді. Сонымен қатар, әрине, көптеген автордың кітаптарының тұсаукесері болады. Жалпы, Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді. Мысалы, Ұлттық академиялық кітапханасының шетелдерден Абай орталықтарын ашуы да, әрине, осы Тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» деді Нұржан Жолдыбалинов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button