Жаңалықтар

Бизнесін бастағысы келгендерге – тегін курс

Кейінгі кезде кәсіпкерлікке ден қойған жастар көбейгенін көріп жүрміз. Өз ісін бастағысы келген азаматтар ақыл-кеңес сұрап, редакциямызға да қоңырау шалып жатады. Оқырмандарымыздың сұранысына орай «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Самат Ақылбеков газетімізге қордың тегін курс оқытатын жобасы туралы айтып берген еді.

– Еліміздегі кәсіпкерлікті да­мыту бағыттарын жүргізу мін­деті жүктелген«Даму кәсіпкер­­лікті дамыту қоры» АҚ кәсіп­кер­лерді қысқа мерзім­ге тегін оқы­та­тынынан кейбір азамат­та­рымыз хабарсыз екен. Осы жоба туралы айтып берсеңіз?
–Біз кәсібін бастағысы келген немесе ісін жаңадан жүргізе бас­таған азаматтарға арнап қысқа мерзімді оқыту курсын ашқан­быз. Бұл – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағытын жүзеге асыру аясында­ғы жоба. Оның мақсаты – жұртшы­лық­қа бизнесті жүргізудің негіз­дерін үйрету. Оқу барысында азаматтар кәсіпкерлік психо­ло­гиясы, персоналдарды бас­қару мен бизнесті жүргізудің заңдық аспек­тілерімен танысып, кәсібін дамытуда ақпараттық-коммуни­ка­циялық технологияларды пайда­ланудың қыр-сырына қаны­ғады. Сондай-ақ, бизнес-жос­парды қалай құру керектігін, қар­жыны қайтіп игеру қажеттігін үйре­неді. Оқу мерзімі – екі күн. Оқудың соңында арнайы сертификат беріледі. Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу материал-дары мен стандартты құжаттар пакеті тегін таратылатынын да айта кеткім келеді.

– Оқу кур­сы тек Астанада ға­на жүр­гі­зіле ме?
–Тек Астанада ғана емес, Алматыда және еліміздің 14 облысында да оқыту курстарымыз бар.

–Курсқа жазылғысы келген аза­маттар қайда хабарласу керек?
– Оқу курсына алдын ала жазылу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесіне хабарласу керек. Мекен-жайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1. Телефондар: 559-435, 559-434.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button