ЖаңалықтарҚала мен Сала

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ-2014» КОНКУРСЫ

1

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2014 жылы өткізу басталғанын хабарлаймыз.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша:

1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2. ірі кәсіпкерлік субъектісі;
және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).

2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің еңбек ету барысында денсаулығын сақтау әрекеті қаралады.

3.«Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 21-29-88(Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы), 55-54-80 (Астана қаласы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы) және 22-65-95 (Астана қаласы Экология департаменті) телефондары арқылы алуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button