Жаңалықтар

БОЛАШАҚҚА ҮН ҚОСҚАН ЖИЫН

сайлау

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде алда болатын президент сайлауына орай «Өз болашағың үшін дауыс бер!» атты форум өтті. Шараға университет ректоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты, профессор А.Күрішбаев, Астана қаласы мәслихатының депутаты З.Жүсіпова және университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиын барысында ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев еліміздің кемел келешегі үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымы «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, білім орда­сының басшысы: «Елбасымыздың өзі атап өткендей, біз мемлекетімізді нығайту жолында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық сая­сатының барлық міндеттерін шешу және «Қазақстан -2050» стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін бес институционалдық реформаны жүргізе отырып, өз мақсатымызға қол жеткіземіз. Ойының ұшқырлығына және халқымыздың тағылымды өткеніне сүйене отырып, Қазақстанның кемел келешегі үшін Н.Ә.Назарбаевқа дауыс
беруіміз қажет» деп, барша қазақстандықтарды ортақ  мақ­сатқа жұмылуға шақырды.

Содан соң сөз алған Астана қаласы мәслихатының депутаты З.Жүсіпова алдағы сайлау­да әрбір азаматтың дауысы аса маңызды екенін атап өтіп, оқытушылар мен студенттерді президенттікке кандидат Н.Назарбаевқа дауыс беруге шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button