Жаңалықтар

«Болашаққа – жаңа серпінмен»

Осындай ұранмен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің жастары Елбасының кеше жарыққа шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына үн қосу мақсатында флешмоб ұйымдастырды.

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында өткен патриоттық шара барысында ұлттық нақыштағы киім киген 200-ден аса студент бір уақытта би билеп, домбырамен күйлер орындады.
– Ұл-қыздарымыз ел Президентінің әр бастамасын назардан тыс қалдыр­ған емес. Алдағы жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы шәкірттеріміздің тарапынан үлкен қолдау­ға ие болды. Енді, міне, Мемлекет басшысының жаңа мақаласында айтылған идеялар да олардың рухына рух қосып, жігерін жаныды. Бүгінгі іс-шара – соның айқын дәлелі, – деді аталмыш университеттің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Өмірбай Бекмағанбетов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button