Имантаразы

Британия мұсылман мемлекетіне айнала ма?

2003 жылы британиялық бұқаралық ақпарат құралдары мұсылмандардың көбеюіне байланысты келешекте Ұлыбританияның ислам еліне айналуы мүмкін екендігін айтып, дабыл қаққан болатын.

Араға бес жыл салып, Британия билігі келешекте ислам діні елде кең қанат жаятыны туралы зерттеу тұжырымын жариялады.

Британияда Еуропаның өзге де зайырлы елдеріндегі секілді иммигрант мұсыл­ман­дардың қарасы артып келеді. Жуырда ғана нәтижесі жарық көрген зерттеуден белгілі болғандай, бұл елде христиан діні елу пайыздық көрсеткішпен басымдыққа ие болғанымен, ел тұрғындарының жартысынан көбісінің жасы елуден асып кеткен.

Жасы 25-ке тола қоймаған жастардың аз ғана бөлігі өздерін христиан санайды.

2011 жылғы мәліметке сенсек, елдегі хрис­тиандардың көбісін төрінен көрі жуық егде, қарт адамдар құраса, мұсылмандардың дені жастардан тұратыны белгілі болды. 2001-2011 жылдар аралығында Англия мен Уэльс тұрғындарының жалпы саны 3,7 млн адамға артқан. Алайда, христиан дінін ұстанатындардың қатары 4,1 млн адамға кеміген. Ал, 6,4 млн адам атеист екенін алға тартқан. Осы аралықта мұсылмандардың қарасы 1,2 млн адамға көбейген.

Тағы бір дерек, Британиядағы мұсыл­мандардың жартысына жуығының жасы жиырма беске толмаған және елуді еңсере қоймағандардың тоқсан пайызы мұсыл­мандар. Сондай-ақ, христиандарға қарағанда мұсылмандардың тегі, нәсілі, ұлты әр алуан.

Британия мұсылмандарының көбі – Азиядан келген иммигранттар. Бүгінгі таңда Пәкістаннан жарты миллионннан астам, ал Бангладештен шамаман 400 мың мұсылман осы елге қоныс аударған.

Кембридж университетінің профессоры Фрейзер Уоттстың айтуынша, алдағы он жылдың ішінде христиандар саны күрт азаюы ғажап емес. Сонымен қатар, 2011 жылы Англия мен Уэльсте Мұхаммед есімін иеленгендердің қатары артқан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button