Ел тынысы

Екінші кезеңі басталады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елордадағы мамандандырылған техника құрастыратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл ­іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ержан Балтаев қатысты.

[smartslider3 slider=3333]

«Астана – жаңа қала» АЭА-да орналасқан жобаның жалпы құны шамамен 9 млрд теңгені құрайды. Бастапқы кезеңде зауытта арнайы техникаға арналған 11 мыңнан астам қосалқы бөлшектерді құрастыру, дәнекерлеу және бояу жұмысы жүргізілді. Екінші кезең толық іске қосылған кезде жылына 10 мың дайын жүк пен мамандандырылған техника шығару жоспарлануда.

Шетелдік инвестицияларды тарту арқылы іске қосылған кәсіпорын 250-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы зауыт ішкі нарықты арнайы техникамен толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортталатын өнім көлемін арттыруға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта жобаның екінші кезеңін іске қосуға дайындық жұмысы жүргізілуде, оны іске асыру 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңге жоспарланған.

Айта кету керек, арнайы техника құрастыратын зауытта көлік құралдарын дәнекерлеу, бояу және құрас­тыру жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ мамандандырылған техниканың тестілік сынамалары жинақталады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button