Саясат

Елді елең еткізген

ЕЖЕЛГІ ҚҰРЛЫҚТЫҢ ІЗІ ТАБЫЛДЫ

Халықаралық геофизиктер тобы Антарктикадағы мұз астынан ежелгі құрлықтың ізін анықтады. Бұл туралы Live Science басылымы хабарлады.

 Ғалымдар 2003-2013 жылдар аралығында Еуропа ғарыш агенттігіне тиесілі спутниктің мәліметтері негізінде Жер литосферасының 3D картасын жасады. «Шығыс Антарктикада 160 миллион жыл бұрын қосылған антарктикалық қыртыстың және өзге де құрлықтардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайтын геология­лық ерекшеліктердің мозаикасын байқадық» деп мәлім етті зерттеу­шілердің бірі Фаусто Ферраччоли.
Сонымен бірге ғаламшарымыздың гравитациясы туралы мәліметтер мамандарға мұз астындағы жасырын тектоникалық тақтайшалардың тарихын көруге көмектесті.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУЫН ЖАСЫРЫП ОТЫР МА?

Вашингтонның стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының баяндамасында Солтүстік Кореяда 13 жасырын ракеталық базаның анықталғаны хабарланды.

Reuters басылымының мәліметі бойынша, Корей елінде бас-аяғы 20 жасырын база бар. Ал аталған орталықтың сарапшысы Джозеф Бермудес өз сөзінде АҚШ-пен жүргізіп жатқан келіссөздеріне қарамастан КХДР билігі нысандарды қосулы күйде ұстап отыр.
Баяндамада жасырын базалар шалғай жатқан таулы аймақтарда орналасқаны айтылады. Міне, дәл осында түрлі қашықтықтағы баллис­тикалық ракеталар жасырылған болуы мүмкін. Оның ең ірісі АҚШ жеріне дейін жетуі мүмкін.
Екі ел арасындағы келісім бойынша Корей түбегі жойқын қарудан тазартылуы тиіс еді.

ӘСКЕРИ РОБОТТАРДЫ СЫНАЙДЫ

Ұлыбританияда адамдар мен роботтардың бірлескен әскери дайындығы жүріп жатыр.

 «Autonomous Warrior» жобасы аясында алдағы төрт апта бойы өтетін бұл шарада роботтандырылған әскери техниканың алуан түрі сыналмақ. Аталмыш жобаның арқасында ел үкіметі роботтардың бір-бірімен тізе қосып әрекет ете алуға икемін ғана байқағалы отырған жоқ, сондай-ақ оларды Біріккен Корольдіктің әскери бөлімшелерімен біріктіру жолдарын да іздес­тірмекші. «Дайындық барысында роботтардың бақылау, алыстан нысананы дәл көздеу, жеделділік және әскери отрядтарды қару-жарақпен қамтамасыз ету секілді қабілеттері өлшенеді» дейді мемлекеттің қорғаныс министрлігі өкілдері.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button