ЖаңалықтарҚоғам

Еліміздің бас шыршасы жағылды

«Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында еліміздің бас шыршасының шамдары салтанатты түрде жағылды. Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді.
Шара барысында мерекелік бағ­дар­ламалар көп­­шілікке ұсы­нылып, Жаңа жыл қарсаңындағы отшашу болды. Сондай-ақ, салтанатты шара аясында елі­міз­дегі ең ірі мұз қа­лашығының ашылу салтанаты өтті.

b70a2320

Астанада тек қана бас шырша емес, сонымен қатар өзге де шыр­ша­лардың шамдары бір мезгілде жанды. Нақтырақ айтсақ, Астана циркі мен Орталық саябақ, «Бәйтерек» монументі мен «Астана балет» ғи­маратының алдында орналасқан шыр­шаларға шырай кірді. Сондай-ақ, жаңа жылдың басты символы «Алау» мұзайдын сарайы мен Орталық алаңда, Есіл ауданы әкімдігі мен Астана әуе­жайының жанында орналасқан.
Биылғы бас шыршаның көркін 300 000 шамдар тізбегі мен 2000 қызылды-жасылды шамдар келтіріп тұр. Бұдан бөлек жаңа жылдың символы 500 қар ұшқынымен және 3000 түрлі-түсті шармен безендірілген. Ал жарықтандыруда алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің не­гізгі түстері – көк, қызыл және жасыл түс­тер қолданылған.
Әсем шыршаның қаланың қақ ортасынан бой көтерілуі астаналықтар мен қонақтардың көңілін көтерді. Көпшілікті бәрінен бұрын мұз қалашығының ашылып, пайдалануға берілгені риза етті. Өйткені атал­ған қалашыққа балалар тұрмақ ере­сектердің өзі ертегілер еліне сая­хаттағандай қызығып жатты. Елорда тұрғындары мен қонақтары кез келген уақытта қалашыққа келіп тамашалай алады. Тіпті, демалыс және мереке күндері қонақтарға арналған бағдарлама әзірленіп, қала тұрғындарының көңілін көтеру жоспарланып отыр. Мәселен, мұнда концерттер, эстафеталар мен түрлі флэшмобтардан тұратын Astana Winter Fest шарасы өткізілмек.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button