SportБасты ақпарат

Елордада әлем чемпионаты басталды

Кеше бас қаламыздың ЭКСПО көрмесінің Конгресс орталығында пара пауэрлифтинг бо­йынша әлем чемпионаты басталды. Аталмыш спорт додасында дүние жүзінің 76 елінен 460 спортшы бақ сынайды. Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сөз сөйледі.

«Ең басты мәселенің бірі – 2020 жылға дейін дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысып жүргендердің қатарын 30 пайызға арттыру» деді қала басшысы. Биылдан бастап Ұлттық Паралимпиада орталығымен бірлесе отырып, осы санаттағы адамдардың спортпен шұғылдануы үшін паралимпиадалық жаттығу кешені ашылғанын тілге тиек етті. Жарыс 20 шілде күні мәресіне жетеді. Жеңімпаздарға 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына жолдама беріледі.
Осыған дейінгі чемпионат 2017 жылы Мехикода өткен болатын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button