Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

Астана қаласы Комму­налдық шаруашылық басқармасының су тас­қынына қарсы әрекет ету бойынша әзірлеген арнайы кешенді жоспарына сәйкес бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда қалада барлық көшелер, мектеп аулалары, денсаулық сақтау нысандары қардан толық тазартылды.

Мердігерлік ұйымдар қала ау­мағын ұдайы бақылауда, аудандық әкімдіктерде шұғыл желі телефондары жұмыс істейді.

Су тасқыны кезеңінен бастап қалада 250 930 м3 еріген қар суы сорылды, оның ішінде 28 237 м3 бір тәулік ішінде ғана. 6 690 м3 инертті материалдар дайындалды. 4 034 дана техника су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды, бір тәулік ішінде 443 өтініш қабыл­данып, барлығына тиісті шаралар қолданылды. Барлығы елорда және жақын маңдағы елді-мекен тұрғындарынан 4541 телефон қоңырауы келіп түсті, соңғы тәулік ішінде бұл көрсеткіш 635 құрады.

Астананың аудан тұр­ғын­дарынан 242 қоңырау келіп түскен, соның ішінде Алматы ауданында – 46, Сарыарқа ауданында – 174, Есіл ауданында – 22. Өтінімдердің 100% қабылданып, өңделді.

Есіл өзені бөгетіндегі су деңгейі 160 млн м3, ал жобалық көлемі 450 млн м3 құрайды.

Астана қаласы ТЖД хабарлауынша, 20 сәуірдегі жағдай бойынша, елордадағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Астана су қоймасындағы су көлемі – 397 млн м3. Соңғы бір тәулік ішіндегі құйылған су көлемі – 10 млн м3.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button