Шаһар шаруашылығы

Елорданың байырғы ғимараттары

Ақмолада ерекше көзге шалынатын әдемі ғимараттың бірі Петр ­Григорьевич Моисеевтің үйі болды.

[smartslider3 slider=1762]

Моисеев өз заманының айтулы адамы болған. Замандастары оны қолы ашық, мейірман адам ретінде танитын. Оның Ақмолаға келуі шаһар базарындағы сауданың қызуымен, адамдарға жасалатын түрлі жеңілдіктермен есте қалыпты. Ол ХІХ ғасырдың аяғында сыбай-сылтаң келіп, аздаған уақытта өзінің ақылымен, іскерлігімен қоңданып үлгеріпті. Сосын 1914 жылы осы көз сүйсінер ғимаратты салғызған.

[smartslider3 slider=1764]

Кеңестік төңкеріске дейін мұнда көп үйлер тек ағаштан тұрғызылатын. Ал көпес Петр Григорьевич особнягын таза қызыл кірпіштен құйғызды. Өйткені бұған дейін талай өрт шығып, суға кетіп, замандастарының аузы күйгенін білетін көпес Атбасардан алғызып, үйін бірден осылай кірпіштен салғызды. Бірақ өзі қайырын көре алмады. Кеңес өкіметі орнап, жер аударылды. Ал үйіне түрлі мекеме орын тепті. Әуелі емхана болса, келе-келе Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің госпиталіне айналды. Қазір бір бұрышында «ғимарат мемлекет қорғауында» деген шағын тақта ілінген тарихи ескерткіш ретінде кеңінен танымал. «Астана» сауда үйі Кенесары көшесінде орналасқан. Кеңес кезінде бұл көше Карл Маркс көшесі деп аталса, одан бұрынырақ Үлкен базар көшесі деген атауға ие болған екен. Осы көшедегі тарихи ғимарат 1905 жылы салыныпты. Эклектика стилінде тұрғызылған көне құрылыстың сырт келбеті жылдан-жылға жасана түсетін сияқты. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген осы-ау. Тағы бір қызығы, ол сол 1905 жылы сауда үйі болып ашылса, әлі күнге дейін сол сауда үйі күйінде қызмет көрсетіп келеді. Мұндай бірегей жобалар қалада некен-саяқ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button