Қала тіршілігі

Энергетиктер жұмысын сынға алды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭС-2-де болып, алдағы уақытта астананы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді.

Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды. Сараптама әлі өткен жоқ. Қазіргі уақытта конкурс бойынша сот даулары жүріп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге де­йін конкурстар жарияланған жоқ. Бұл жауапты құрылымдар арасындағы келісілмеген іс-әрекеттерге байланысты. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр. Жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, «Астана-Энергия» АҚ балансына «ЖЭС-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру» жобасы аясында салынған жабдықтарды беру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Астаналық ЖЭС-ті газдандыру мәселесіне қатысты, жобаның 1-кезегін іске асыру 2019-2021 жж. жоспарланған 633,67 млн м3 көлемінде газ тұтынумен немесе қаланың жалпы газ тұтынуынан (658,15 млн м3) 96 пайыз есептелген. Айта кету керек, жылу беру маусымында барлық қазандықтардың жұмыс істеуіне байланысты жабдықтар монтаждалмайтын болады. Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту мақсатында қазандық агрегаттарында NID технологияларды енгізу бойынша жұмысты бақылауға алу тапсырылды. «ЖЭС-1 және ­ЖЭО-2 – елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандар. «Астана-Энергия» АҚ басшылығы барлық шешілмеген мәселелерді шұғыл түрде қолға алуы қажет. Біз жылу электр орталығын газ қабылдауға дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс» деп міндеттеді қала басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button