Қоғам

Еңбек кодексін ескермеген

Жуырда Есіл ауданының прокуратурасына Бурак Кахраман және Нури Оздамар есімді Түркия азаматтары еңбек және көші-қон заңнамаларының бұзылуы бойынша шағым­данған. Осыған байланысты прокуратура өкілдері тексеріс жүргізді.

еңбек кодексі

Аталмыш екі азамат та «Дамир-Строй» ЖШС-нің жұмыскерлері. Тексеру барысында белгілі болғандай, Түркия Республикасының азаматтары жергілікті атқарушы органдардың рұқсатында көрсетілген еңбек қызметіне сай емес қызмет атқарған. Сонымен қатар, жұмыс беруші мекеменің жұмысшылары алдында 2 953 800 теңге еңбекақы қарызы бары анықталған. Соның ішінде Түркия Республикасының екі азаматына 600 000 теңге еңбекақы қарыз.
«Дамир-Строй» мекемесінде Бурак Кахраман жиһаздың декоративті элементтерін дайындау фактісі бойынша сылақшының міндетін атқарған, Нури Оздамар ағаш және бөлшектер дайындау фактісі бойынша прорабтың жұмысын істегені белгілі болды.
Прокурорлық ықпал ету актілерінің нәтижесінде, «Дамир-Строй» ЖШС Түркия Респуб­ликасы азаматтарын 4 категория бойынша, шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органмен берілген рұқсаттамадағы атауға сәйкес емес кәсіп ұсынғаны үшін жауапқа тартылды. Бұған қоса, жалпы көлемі 2 953 800 теңге болатын 13 жұмысшының айлығы төленді. Оның ішінде прокуратураға шағымданған екі түркиялық азамат та бар.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Еңбек кодексін бұзғаны үшін «Дамир-Строй» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button