Қоғам

ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

erm_1476

Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімдігінде Еңбек күніне орай еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жүрген бір топ азаматқа сый-сияпат көрсетілді.

Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды. Адал термен тапқан нанның да дәмі тәттілеу. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жа­нып, абыройы асқандардың бар­лығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады.

Айтулы шарада Сарыарқа аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан ЖАҚЫБАЕВ сөз алып, ме­рекенің маңызына тоқталды.
– Осыдан үш жыл бұрын елі­мізде Елбасының жарлығымен Еңбек күні белгіленді. Содан бері ол жоғары деңгейде атап өтіледі. Еңбексіз адам ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды. Елімізде елеулі еңбек етіп жүрген адамдар өте көп. Олардың барлығы да құрметке лайық. Сіздер де өз ұжымдарыңызда алғысқа бөленіп, ел дамуына еселі үлес қосып жүрсіздер. Мере­келеріңіз құтты болсын! Бар­лық­тарыңызға ұзақ өмір тілей­мін, – деді Е.ЖАҚЫБАЕВ.

Марапатқа ие болғандар қатарында Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Мейрамгүл Күн­туарова, Сарыарқа аудандық жергілікті полиция қызметінің маманы Асылхан Қуанышев, №3 Балалар музыка мектебінің ұстазы Сәулеш Қанапиева секілді өз саласының майталман озаттары болды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button