Ел тынысы

Еріктілер бастамасы

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.

Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5-қабат, 505-кабинет) жиналады. Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офисінің кеңселерінде
ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.

Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады. Заңды тұлғалар үшін: «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ, БСН 120940015916, БИК: HSBKKZKX, Р/С: KZ23601A871001005521. Жеке тұлғалар үшін: Kaspi.kz қосымшасында – «Төлемдер» – «Қайырымдылық» бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: 8-708-706-42-42, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 505-кеңсе.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button