Жаңалықтар

Еуропа Лигасы. Бүгін беларусьтік БАТЭ өз алаңында «Астана» командасын қабылдайды

Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясында беларусьтік БАТЭ мен «Астана» кездеседі.

Bez_imeni-3

Ойын тамыздың 25-нен 26-на қараған түні Астана уақытымен сағат 00:00-де «Борисов-Арена» стадионында басталады.

«Астана» футбол клубы сапынан алаңға бірінші минуттан шығуы мүмкін ойыншылар: Шомко, Логвиненко, Аничич, Шитов, Бейсебеков, Каньяс, Максимович, Твумаси, Ибраими, Кабананга.

БАТЭ – «Астана» матчына 44 жастағы франциялық Тони Шапрон төрелік етеді. Оған отандастары Филипп Жана мен Александр Виала көмектеседі. Төртінші төреші – Микаэль Лесаж.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын «Астана Аренада» өткен алғашқы матч 2:0 есебімен елордалық команданың жеңісімен аяқталған еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button