Мәдениет

Ғажайыпқа толы туынды

Алдағы 14, 15 және 19 маусым күндері «Астана опера» театрының сахнасында А.Аданның «Жизель» балетінің премьерасы өтеді. Ғажайып әсерге толы шығармадан зұлымдық пен мөлдір махаббат арпалысқан шынайы әлемді көресіз.

Бұл қойылым Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен көрерменге жол тартып отыр. Спектакльді дайындау­ға біраз өнер адамдарының маңдай тері төгілген. Солардың ішінде қоюшы балетмейстер, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованы, қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен «Оскар» сыйлығының иегері, суретші Франка Скуарчапино және дирижер Арман Оразғалиевті ерекше айтуға болады.
«Бұл – менің ең сүйікті балетімнің бірі. Сондықтан оны жоғары бағалаймын. Шығарманың желісі ықшам, көңілге қонымды. Өзім спектакльде декорациялар, костюмдер, бутафория да үйлесімді болғанын қалаймын. Біз бұл қойылымды М.Петипаның дәстүрлі хорео­графиясына негіздедік. Осы дарынды тұлғаның арқасында аталған балет екі ғасыр бойы әлем сахнасынан түскен емес. Біз бұл туындыға соншалықты өзгерістер енгізген жоқпыз. Осындағы романтикалық әсем­дікті көрерменге толық жеткізгім келді» дейді Алтынай Асылмұратова.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button