Sport

Хабиб қоштасты, Шавкат бастады

Абу-Дабиде өткен UFC турнирінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов үшінші мәрте чемпиондық атағын қорғап қалды.

Бұл Хабиб Нурмагомедовтың 29-шы әрі соңғы айқасы болды. Осыған дейін ол чемпиондық атақ үшін айқаста Конор Макгрегор мен Дастин Порье сынды мықтыларды тізе бүктірген болатын. Дағыстан сайыпқыраны барлық жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ал «Жекпе-жек» аралында өткізген соңғы шайқаста америкалық Джастин Гэтжиді екінші раундта қылқындырып тастады. Осы жеңісінен кейін 32 жастағы Хабиб Нурмагомедов спорттық карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Осылайша 16 рет ММА және 13 рет UFC жекпе-жектерінде чемпион атанып, 10 миллион АҚШ доллары мөлшерінде жүлде қорын қанжығасына байлаған дағыстандық сайыпқыран үлкен спортпен әдемі қоштасып кетті.
Абу-Даби алаңындағы UFC 254 турнирінде тұңғыш рет Қазақстан өкілі, отандасымыз Шавкат Рахмонов сынға түсті. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны айқын басымдылықпен жеңді. Жекпе-жектен кейін Шавкат чемпион «Мен UFC әлемінде туған елім Қазақстанның туын биіктен желбіретемін. Маған сенім артқан жанкүйерлеріме ризашылығымды білдіремін» деп ағынан жарылды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button