Жаңалықтар

Хайнань өкілдерімен кездесті

Кеше Астана қаласы мәслиха­ты­ның хатшысы Жанат Нұр­пейісов бастаған депутаттар ҚХР Хайнань өлкесінің Бүкіл­қы­­­тай­лық халық өкілдері жи­­­налысы тұрақты комитеті де­ле­­­­­гациясының өкілдерімен кез­­десті.

Кездесуде Астана мен Хайнань арасын­дағы достық қарым-қатынастың орнауы, экономика, туризм және мәдениет салаларындағы серіктестіктің дамуы және тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.
Хайнань өлкесінің Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Линь Бэйчуань жылы кездесу үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізілетініне үміт артатынын айтты.
Екі ел өкілдері инвестициялық мүм­кіндіктер мен бизнес климат жағ­дайымен танысып, кездесу соңында ескерткіш сыйлықтармен алмасты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button