Елорда тынысы

Халық қатысатын бюджет

Астана қаласы Нұра ауданының әкімдігінде тұрғындардан «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Қала тұрғындарының ұсынысы 1 наурызға дейін қабылданады.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы елордада 2019 жылдан бастап іске асуда. Жыл сайын Астанада бағдарлама аясында 100-ден астам аула жаңартылады.

Бағдарлама мақсаты – астаналықтардың идеялары мен ұсыныстары негізінде аулаларда күрделі жөндеу өткізу. Оған қатысу үшін жоба авторларына жөндеудің болжамды құнын көрсету, ауланы абаттандырудың эскизін/макетін, сондай-ақ тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасын жүктеу жеткілікті. Жобалық ұсыныстарда аулаларды күрделі жөндеу, көгалдандыру, жарықтандыру, орамішілік асфальттау және т. б. жұмыстарды көрсетуге болады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады: сараптамалық кеңес құру, өтінімдерді қабылдау, жобалық ұсыныстарды талдау, дауыс беру, қорытындылау, жұмыс жоспарларын құру және іске асыру.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» алғаш рет Нұра ауданында бастау алмақ.

Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап тұрғындар eGov mobile қосымшасы арқылы жобаларға өтініш, дауыс бере алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button