Елорда тынысы

Ерекше назар қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға қатысты біршама өзгеріс енгізді.

«Реформа жүргізген кезде әлеуметтік көмектің кімге және қалай берілетінін түгел қайта қарау қажет. Яғни, бөлінген қаржыны барынша тиімді жұмсап, оны шын мәнінде көмекке мұқтаж адамға беру керек. Қазіргі таңда төрт жарым миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл – шамамен еліміздің әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар. Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, біз, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет. Жалпы, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қараған жөн» деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент медициналық инфра­құрылымды дамытудың маңызы зор екенін атап өтті. Алайда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында жоспарланған 655 нысанның тек 85-і ғана пайдалануға берілген. Сондай-ақ жаңа форматтағы 369 мектепті пайдалануға беру жоспарланған болатын. Бірақ техникалық құжаттарды уақытылы дайындауда және жер учаскелерін бөлуде қиындықтар туындап тұр. Мемлекет басшысы осыған қатысты Үкіметке, әкімдерге және «Самұрық-Қазына» қорына «Денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларын іске асыруға кедергі келтіретін барлық мәселені шешуді тапсырды.

Ерлан ДӘКЕНОВ,

Астана қаласы

мәслихатының депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button