#Жаңа Қазақстан

Халық табысын арттыруға үндеді

Қазақстан Халық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Батыс Қазақстан облысында жалғастырып, партиялықтар Орал қаласындағы тігін фабрикасында болды.

Кандидаттар жергілікті жоғары медициналық колледжінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Оралда қазір жаңа шағын аудан бой көтеруде. Үгіт тобы ол жерде де болып, құрылысшылармен кездесті. Жұмысшылардың тілегін тыңдаған партиялықтар сайлауалды тұғырнамадағы тармақтарға кеңінен тоқталды.

– Партия бастамасымен 200-ден астам іс-шара өткізілді. 50 мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Батыс Қазақстан облысының әр ауданына бардық. Кездесуге халық белсенді қатысуда, – деді Ниязбек Есеналиев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі.

Сондай-ақ Алматыда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың қатысуымен сайлауалды бейбіт үгіт-насихат іс-шарасы өтті.

«Алматы – Тәуелсіздігіміздің талбесігі. Шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде еліміздің дамуына ерекше үлес қосып келеді. Алматыда халықтың белсенділігі жоғары болғандықтан, біздің сайлауалды бағдарламамыздағы өзгерістер мен реформалардың негізгі тірегі де –  осы шаһардың тұрғындары» деді партия төрағасы.

Ол сондай-ақ қала халқының нақты табысының өсуі туралы ҚХП бағдарламасының негізгі бөлігінде баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Шағын және орта бизнес саласы тұрғындарды жұмыспен қамтудың 65 пайыздан астамын қамтып отыр. Осы ретте төраға жұмысшылардың еңбегі бағаланып, әділ жалақы алуы маңызды екеніне назар аударды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button