#Жаңа Қазақстан

Ерекше жандарға назар аударды

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы және Астана қаласының №2 округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Азаматхан Амиртаев елорданың Республика даңғылындағы №81 үйде орналасқан коммуналдық жатақхананың тұрғындарымен кездесті.

Мұнда әртүрлі топтағы мүгедектер тұрады. Жатақхана тым ылғалды және тұрғындардың қауіпсіздігі шарттары сақталмаған. Бөлмелердің өзі өте тар, мүгедектердің арбалары тар дәліздерде әрең сыйысып тұр.

Азаматхан Амиртаев жатақхананың жай-күйін жақсарту үшін қолдау көрсетуді сұраған мүгедектердің барлық талап-тілектерін зейін қоя тыңдады.

Тұрғындар жергілікті шенеуніктер олардың проблемаларына назар аудармайтынына қынжылыс білдірді.

Кездесу барысында «Байтақ» партиясы ерекше жандардың жағдайына назар аударған елдегі бірден-бір партия екенін аталды.

Осындай маңыздағы кездесу Қарағанды облысында жалғасты. Партия тізімі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Айтуар Туғанбеков және Қарағанды облысы бойынша қалалық және облыстық мәслихатқа «Байтақ» жасылдар партиясының Қарағанды облыстық филиалының кандидаттары Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инс­пекциясы мен Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымдарымен кездесті.

Биологиялық әртүрлілікті сақтау – партияның негізгі міндеттерінің бірі.

Кездесуде осы тақырыпта сөз қозғаған Айтуар Туғанбеков партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, табиғатты қорғайтын мекемелердің қызметкерлерімен өзара пікір алысты.

Бүгінде экология мәселелерін алдын алу маңызды міндетке айналғанын айтып, экожүйені сақтау және қорғауда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button