Әлеумет

Халықаралық шеберлік сабағы

Елордадағы №2 көпбейінді ауруханада офтальмология бойынша халықаралық шеберлік сабағы өтеді. 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығына жоспарланған шараға Lions Eye Institute for Transplant and Research (LEITR, Тампа, Флорида, АҚШ) өкілдері мен Америка офтальмохирургтері қатысады.

[smartslider3 slider=1124]

Сабақ «Кератопластиканың заманауи қырлары» деп аталады. Көзделген мақсат – көзі бұлдырайтын пациенттердің жанарын қалпына келтірудегі жалғыз әдіс – көздің қасаң қабығын ауыстырып салу бойынша инновациялық ота жасау практикасын ендіру. Аталған аурухананың микрохирургия орталығы жетекшісі Сергей Кульбактың айтуынша, ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, көздің бұл ауруы әлемде соқыр болу себептерінің ішінде 4-орын алады. Консервативті ем ұзақ уақыт алатындықтан, хирургиялық емдеу қажеттілігі туындайды. Соған орай аталған шеберлік сабағында көзінің қасаң қабығы зақымдалған пациенттерге көз жанарын қайтаруға үлкен қадамдар жасалады. Сабақты LEITR клиникалық және инновациялық даму орталығының басшысы Эрик Абдуллаев жүргізеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button