Ел тынысы

Коммуналдық тарифтер қымбаттайды

Келесі жылдан бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтер ­көтеріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек ­Қуантыров ­мә­лімдеді. Министрдің айтуынша, коммуналдық тарифтерді көтеруде қазақстандықтардың әлеуметтік мәселесі мен төлем қабілеті ескеріледі.

«Коммуналдық тариф­терді көтеру мәселесін әр табиғи монополия субъектілері және өңір бойынша жеке қараймыз. Тарифті көтеру мәселесін қоғаммен талқылаймыз. Мәселені субъекті мен мемлекеттік органдардың мүддесі тұрғысынан қарамаймыз. Мұнда әлеуметтік мәселелерді назарға аламыз» деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында.

Әлібек Қуантыров 2023 жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттайтынын жоққа шығармады.

«2023 жылдың екінші жарты жылдығында тиісті өзгеріс болады. Себебі мемлекет меншігіндегі және (жеке) субъектілер өз жұмысын модернизациялауы керек. Президент сайлауалды бағдарламасында желілердің тозуын төмендету мәселесін көтерген. Сондықтан біз желілердің тозуын 15-20 пайызға төмендетеміз» деді ведомство басшысы. БАҚ өкілі министрге «Демек 2023 жылдан бастап коммуналдық тарифтер көтеріледі ғой?» деп сұрағын нақтылады. «Иә, коммуналдық тарифтер көтеріледі. Оның басқа жолы жоқ. Бірақ мұнда біз әлеуметтік мәселелерді ескереміз» деді Әлібек Қуантыров.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button