ӘлеуметБілімЖаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға көмек

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған үшінші Bilim all орталығы ашылды. Демеу­шілердің қолдауымен ашылып жатқан қосымша білім беру орталықтары әсіресе көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі және толық емес отбасылардың балалары үшін өте тиімді болып тұр.

[smartslider3 slider=148]

Strong Mothers Ns қоғамдық қорының бастамасымен Есіл ауданында ашылған Bilim all оқу орталығында балаларға ағылшын тілінен қосымша білім алуға жағдай жасалған. Орталықта тегін білім алу үшін осындағы ақылы жұмыс істейтін домбыра, робототехника, шахмат, шығармашылық шеберхана, гитара, актерлік шеберлік, вокал және фортепиано үйірмелерінің біріне арнайы бағамен жазылу қажет болады. Топтарда 5-8 баладан оқиды, әр үйірменің өз жұмыс кестесі бар. Осыған дейін осындай орталықтар Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында ашылған.
«Bilim all білім беру орталықтарын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар, көпбалалы аналар ашқаны қуантады. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері өз бизнесін дамыта алатындығын дәлелдейді. Бұл жерде халық үшін ең бастысы қолжетімділік бар» деді орталықтың ашылуына қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Strong Mothers Ns қоғамдық қорының басшысы әрі әлеуметтік кәсіпкер Райгүл Серікбаеваның айтуынша, орталықтар желісін ашуға көпбалалы ана болғаны әрі өзінің тәжірибесі әсер еткен.
«Мен ағылшын тілінің ұстазымын және серіктестерім де мұғалім, сондықтан біз бірге Bilim all жобасын ашуды ұйғардық. Мен ана ретінде балаларымды оқытуда қиындықтарға тап болдым: бәрі қымбат және алыс. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қолжетімді қосымша білім алуына мүмкіндігі жоқ. Мұндай балаларға көмектесу менің арманым болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына: көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедектігі бар және толық емес отбасылардан шыққан балалар жатады» деді қоғамдық қор басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтанда әкімдіктің қолдауымен түрлі топтардың бастамасымен ашылған 10-ға жуық орталық жұмыс істей бастады. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Бүгінде олар сәтті жұмыс істеп, ХӘОТ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуде. Олардың қатарында «Strong Mothers» білім беру орталығы, «Алтын шаңырақ ұясы» киім тігу цехы, «Бақытты шаңырақ» қызмет көрсету бойынша көпсалалы орталық бар.
Сонымен қатар қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді, онда тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Осылайша мұнда тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болатынын, тұрғын үй кезегінің нөмірін қалай тексеруге болатыны, тұрғын үй бағдарламаларына кім және қандай параметрлер бойынша қатыса алатыны, тұрғын үй сертификатын қалай алуға болатыны, кредиттік/жалға берілетін пәтерлерді алу және басқа да мәселелер бойынша жүгінуге болады.
Мұндай орталықтар жұмысты жүйе­лендіруге және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2019 жылы елордада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар азаматтарға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Сондай-ақ жастардың мәселелерін шешуге көмектесу үшін қалада жастарға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button