Жаңалықтар

LRT жобасы басталды

Елордамызда көптен бері айтылып жүрген аспалы көлік түрі, яғни, жеңіл рельсті LRT жобасы ақыры іске асатын болды. «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT» жобасы аясында іске асатын ғажайып тасымал жүйесінің инженерлік желілерін шығару және құрылыс-монтаждау жұмыстары бүгін басталды. 

Астана ЛРТ

Жеңіл рельсті көлік жүйе­сінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Ол Астана халықаралық әуежайы мен EXPO-2017 көрмесін, одан әрі «Абу-Даби Плаза» көп қабатты кешені және жаңа теміржол вокзалының арасында жалғайтын болады.
Жаңа тасымал құралы эста­кадалық, яғни, аспалы жол ар­қылы қатынайды. Арнайы жол жүйесі заманауи жабдықтармен жабдықталған 18 жабық станциядан және 19 жылжымалы құрам мен деподан тұратын болады. Пойыздарға электронды төлем жүйесі орнатылады. Сонымен қатар, ақпарат­тан­дыру, бейнебақылау, белгі беру жабдықтары тағы бар.
Көліктің бұл түрі Астана табиғатына толық ыңғай­лас­тырылған. Әрі қауіпсіз, әрі эко­логиялық жағынан табиғатқа еш залалы жоқ бұл тасымал құралы Астана көшелердегі көлік кептелісін біршама азайтып, жолаушыларға қызмет көрсету жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтереді деп күтіліп отыр. Аталмыш жоба 2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылатын болады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button