Мәдениет

Мәдениет пен спорт мәселесі сөз болды

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер, Nur Otan партиясының мүшелері Ханзада Балтаева мен Қанат Алин өнер және мәдениет саласының адамдарымен Zoom форматында кездесу өткізіп, өнер, мәдениет және спорт саласына қатысты мәселелерді талқылады.

«Халықаралық жаһандық әйелдер көшбасшылығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ханзада Балтаева өзі басқаратын бірлестіктің жұмысына шолу жасап, қоғам дамуына үлес қосып жатқаны турасында айтты. «Өткен жылы Қазақстан мен Араб елдері арасында мәдени байланыс орнаттық. Алыс-жақын шет елдерде, мысалы, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстанның үкіметтік емес ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп, әйелдерді қолдауға байланысты көптеген жұмыстар жасалды. Олармен тәжірибе алмастық. Сонымен бірге заманауи кітапханалар жасақтауға, музейлер жұмысын насихаттауға байланысты көптеген шаралар өткіздік. Бұл халықтарды өзара ынтымақтастыққа шақырады. Менің ойымша, бұл – тек мемлекеттің ғана емес, үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен бірге азаматтардың да міндеті. Бізді толғандыратын мәселе көп. Айталық, қолөнершілердің өнерін насихаттау, өзара сабақтас­тығын жалғастыру бағытында фестивальдер ұйымдастыру да ойымызда бар» деді ол.
Мемлекеттік филармония дирижері Нұрлан Бекенов балаларды мәдениетке баулуда нақты істер керегін айтты. Оқушылар сарайынан бірнеше бөлме бөліп, балаларды сөйлеу мәдениеті мен музыкаға баулитын орындар, «әл-Фараби жолымен» деп аталатын риторикаға қатысты үйірмелер ашуды қолға алу туралы ұсыныс білдірді.
ҚР Грэпплинг қауымдастығының президенті, грэпплинг және джиу-джитсудан әлем чемпионы Қанат Алин бұқаралық спортты дамыту, оның қолжетімді болуы туралы ойларымен бөлісті. «Біздің елде спортты мемлекет қаржыландырады. Сонымен қатар, Қазақстанда жеке капиталды пайдалануда жүйелік тәсіл жоқ, бұл спорттық шараларды қаржыландырудың жалпы көлемінен көрінеді. Бөлінген бюджеттің көп бөлігі кәсіби спортқа тиесілі» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button