Жаңалықтар

МЕРЕКЕДЕ ТӨРТ КҮН ДЕМАЛЫС

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады, деп хабарлады egov.kz.

photo_20307

Желтоқсан айында Қазақстан халқы жалпы 12 күн демалады: 5 сенбі, 4 жексенбі, сонымен қатар, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президентінің күні, 16-17 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекелері демалыс күндері деп жарияланған. 1 желтоқсан бейсенбі күнге түсіп тұр және демалыс күні деп саналады. 17 желтоқсан сенбіге тұспа-тұс келгендіктен, мерекелік демалыс дүйсенбіге – 19 желтоқсанға ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан күндері аралығында демалатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button