ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ҚОНЫСТОЙ КӨБЕЙЕДІ

Елордада алдағы 5 жылдың ішінде жалпы көлемі 386 мың шаршы метрді құрайтын 7500-ге жуық пәтер тапсырылмақ.

img_5617

Келешекте тапсырылатын тұр­ғын үйлердің ішінде арендалық бас­пана – 60 мың м2 (немесе 1 403 пәтер), несиеге берілетін бас­пана – 146 мың м2 (2 942 пәтер), «Тұр­­ғын үй құрылыс жинақ банкі» есебінен – 99 мың м2 (1 705 пәтер) және жергілікті бюджет қаржысын қай­талап пайдалану есебінен – 80 мың м2 (1 422 пәтер).
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, 19 жылдың ішінде елордада 17 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл тағы 2 миллион шаршы метрден астам баспананы беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2017-2022 жылдар аралығында Астана қаласында апатты үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 635 мың м2 тұрғын үй пайдалануға бері­леді, бұл – 10 000-нан астам пәтер.
Баспаналарды пайдалануға беру Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button