Қала мен Сала

Миллион текше метр қар шығарылды

Бас қаладан соңғы екі айда 1 млн текше метрден аса қар шығарылды. Бұл жөнінде елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев қаланың коммуналдық қызметінің түнгі ауысымдағы жұмысын қадағалау кезінде мәлім етті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Кеше қалада қар тазалуға 1091 бірлік арнайы техника және 1744 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 25-нен 26-на қараған түні 879 бірлік арнайы техника және 229 жұмысшылары еңбек етті. 25 желтоқсан күні 19638 текше метр қар шығарылды (1637 рейс). Жалпы қыс басталғалы 1122475 текше метр қар тасылды (93540 рейс).

Жұмыс тобы алдымен жұртшылық көп қатынайтын «Нұрлы жол» вокзалының айналасын тексерді. «Бас қаланы қардан тазалау жұмыстары үш ауысыммен жүргізіледі. Қаланы қардан тазартуға 900 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Олардың басым бөлігі – «самосвал», қар тиейтін көлік, автогрейдер секілді техникалар. Сонымен қоса түнгі ауысымда жол жиегін тазалау үшін 200 жұмысшы жасағы шықты. Бір айта кететіні, күндізгіге қарағанда түнгі ауысымда шығатын жұмысшылар саны аздау болады. Күндіз 1500-ге жуық жұмысшы мен 1000-ға тарта техника қар тазалайды. Түнгі ауысымдағы қызметкерлер кешкі сағат 21:00-ден таңғы 05:00 аралығында жұмыс істейді. Жиналған қар қала сыртындағы арнайы полигондарға шығарылады. Қаламыздың әр ауданына бөлінген полигон бар» деді Алтынбек Қайсағалиев. Сондай-ақ әкім орынбасары өз сөзінде себілген реагенттер мен құм-тұз қоспалары көктайғақтың алдын алатынын ерекше атап өтті. Естеріңізге салсақ, бұрнағы күндері өткен баспасөз мәслихатында елорда әкімі Алтай Көлгінов тапсырыс берілген техникалардың бір бөлігі жеткізілгенін, тағы бір бөлігі жақында әкелінетінін айтқан болатын. Бұл тұрғыда ескі техникалардың жағдайы қалай болатынын Алтынбек ­Қайсағалиев түсіндірді. «Қазіргі уақытта 157 арнайы техника сатып алынды. Алайда ескі техникалар есептен шығарылмайды. Олар әрі қарай да қолданыла береді. Ескі техникалардың бір кемшілігі тез бұзылады, көбірек жөндеуді талап етеді. Осыған байланысты жаңа техникалар сатып алу қажет болды. Жаңа техникалар қаңтар айы­нан бастап іске қосылады. Бүгінгі таңда қала бойынша тазалық жұмысының 30 пайызын «Астана Тазалық» ЖШС жүргізеді. Одан бөлек жеке 65 мердігер компания жұмыс істейді. Ал бөлінген қаржы шығарылған қардың көлеміне тікелей байланыс­ты. Бүгінге дейін 1 млн т­екше метрден астам қар шығарылды» деді А.Қайсағалиев. Мамандардың мәліметінше, қала тұрғындары тарапынан аула ішін қардан тазалауға қатысты шағым жиі түседі. Бұл ретте Алтынбек Қайсағалиев тұрғындардың белсендірек болуы керектігін айтты. «Әр үйге қызмет көрсететін компаниялар, ПИК-тер аула ішін қардан тазалауды бақылауда ұстауы керек. Үйден 5 метр қашықтыққа дейін тұрғындардың өздері тазалауы тиіс. Ал тиісті деңгейде жұмыс істемеген ұйымдарға айыппұлдар салынып жатыр. Шынын айту керек, жұмысына асқан ұқыптылықпен де, жүрдім-бардым да қарайтын компаниялар бар. Қазір олармен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сол
сияқты тұрғындар тарапы да белсенді болуы керек. Қар тазалау жұмыстарын талап ету тиіс. Себебі қызмет көрсететін компанияларға ақшаны тұрғындар төлеп отыр» деп сөзін түйіндеді ол. Сонымен қатар, әкім орынбасары «Нұрлы жол» вокзалынан кейін «Шұбар» ықшам ауданында жүргізіліп жатқан жұмыспен танысты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button