Қоғам

Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалай қалыптасады?

№70 мектеп-лицейінде елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшылығының қатысуымен бас қаладағы орта білім беру ордалары, колледж және мектепке дейінгі ұйымдардың директорларының басын қосқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған жиын өтті.Жиын тізгінін ұстаған Бақтияр Мәкен «Адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыс­тарға қысқаша шолу жасап, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.
– Жақында біз «Адалдық алаңы» жобасы жұмысының қорытындысын әзірледік. Осы бағытта жыл бойы қоғамдық ұйымдармен, жоба өкілдерімен кездесіп, пікірлерін тыңдадық. Ал бүгінгі жиынның басты мақсаты – еліміздегі жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асыру тәжірибесін, әсіресе, білім саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесін бір екшеп алу. Бұл тарапта біраз іс-шара жүргізілгені мәлім. Соның нәтижесінде бас шаһарда жемқорлық деңгейінің төмендеуі байқалады. Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды жұмыстың бірі – түсіндіру. Кейбір жағдайда бір­ден дауыс шығармай өзара түсіндіру шарасын ұйым­дас­тырған жөн. Себебі дұрыс түсініспеушіліктің соңы кейде жақсылыққа апармайды, – деді әкім орынбасары.
Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева ҚР заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген жаңашылдықтар туралы айтып, агенттіктің парасаттылық, әділдік және адалдықты қалыптастыруға бағытталған жұмысының басым бағыттарын түсіндірді.
Одан кейін ақпараттық-­лекторлық штаб мүшелері Ербол Іргебай мен актер ­Ернар Жұматаев мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор өкілдері, еңбек ұжымдары мен жалпы халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізетін лекторлық топтың жұмысы туралы баяндады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button