ӘлеуметЖаңалықтар

МҮГЕДЕК ЖАНДАР КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ

ERA_5991

Қазақ саңыраулар қоғамының астаналық филиалында мүгедек әйелдерді әлеуметтік қорғау шараларын талқылаған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандар­дың, соның ішінде мүгедек әйелдерді жұмыспен қамту – қоғамның өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда астанада 18666 мүгедек тіркелген, оның 8695-і әйелдер. Олардың ішінде еңбек етуге қабілетті екі мыңға тарта азаматтардың тең жартысы нәзік жанды азаматтар.

Әр адамның еңбек етуге қақы бар. Алайда, жұмыс беруші­лер мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа алуға аса құлық­ты емес. Оның бір себебі – олар­дың осы санаттағы жандармен жұмыс істеу тәжірибесі кемдігі болса, екіншісі – мүгедек жандарға қолайлы жұмыс орнын ұйым­дас­тырудың қиындығы тағы бар.

Қалалық мәслихат депутаты Қаршыға Құлмұханов, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғам­дық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, «Қазақстан әйелдер кеңесі» астаналық филиа­лының жетекшісі Ханзада Балтаева, Бақылау және әлеуметтік қорғау депар­та­мен­ті­нің басшысы Дәмежан Сәдуақасова жұмыссыз әйелдер­ге қатысты тұрғысында қордалы мәселелердің шешімін табу бағы­тында бірлесе әрекет етудің тиімділігін алға тартты.

Жұмыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламалар басқар­масы басшысының орынбасары Ольга Демушкан мүгедектерді әлеуметтік оңалту бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыс­тарға тоқталып өтті. Ол жұмыс­сыз әйелдердің басым бөлігі әлеуметтік көмекке аса мұқтаж­дар­дың санатына жататынын айтты. Отбасында мүгедек бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналар, көп уақыт бойында жұмыстан қол үзіп қалған зейне­талды жасқа жеткен әйел­дерге әлеуметтік көмектің аса қажеттілігін айтты.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button