Жаңалықтар

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде математика мен физика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер арасында республикалық олимпиада өтті.

Игілікті шара осы салада еңбек етіп жүрген ұстаздардың беделін көтеріп, олардың кәсіби шеберлігін дамытуды, математика және физика мұғалімдерін ағылшын тілінде оқуға тартуды көздейді. Білім бәсекесінде елордадан барған ұстаздар ұжымы, жалпы командалық есеп бойынша, дара шығып, бірінші орынды иеленді.
Әсіресе, еліміздің әр торабынан білімділер жиналған бәйгеден елордадағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Аян Сәбитов үздіктер қатарынан көрінсе, №9 «Зерде» мектебінің ұстазы Самат Есенбеков пен бас қаладағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқытушысы Бек Базатбеков екінші орынға қол жеткізді. Басқа да команда мүшелері арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сөйтіп, елордалық ұстаздардың білім сайысынан бағы жанып, абыройы асқақтап қайтты.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button