#Жаңа Қазақстан

Мұңы бірдің – мүддесі бір

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулеткерей Кәпұлы, Ілияс Досқожаев, Ерболат Саурықов, Болатбек Қыстауов Түркістан облысының тұрғындарымен және туристерімен кездесті.

Бірінші кездесу Түркістан қаласындағы «Керуен сарайда» ұйымдастырылды. «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттығына кандидаттармен кездесуге 500-дей адам келді.

«Мен де ауылымды сағындым» деп аталған жиын бұрынғылардан өзгерек әдеби кеш форматында өтті. Айтыстан аты белгілі суырып салма ақын, Мәжіліс депутаттығына кандидат Дәулеткерей Кәпұлы сөз сөйледі. Ол қатысушылар алдында туған ауылына арналған өлеңдерін оқыды.

– Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан әлі де импортқа, ал халық азық-түлік бағасының өсуіне тәуелді. Ал әлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер ашады. «Ауыл» партиясы мәжіліске барғанда ауылдардың қарқынды дамуына баса назар аудара, оларға бұрынғы даңқын қайтара, аграрлық саланы ұлттық табыстың сарқылмас көзіне айналдыра отырып, әрбір қазақстандықты жайлы өмірмен қамтамасыз етуді, еңбек адамына деген бұрынғы құрметті қайтаруды, ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеп отыр. Ол үшін сіздердің қолдауларыңыз керек. Мұңы бірдің – мүддесі бір! Сіздердің мүдделеріңіз – біздің мүддеміз, – деді кандидат-ақын Дәулеткерей Кәпұлы.

Бұдан кейін «Ауыл» партиясының делегациясы Түркістан облысы Сауран ауданының халқымен және кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button