#Жаңа Қазақстан

Керекудегі кездесу

«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павлодар облысында сайлаушыларымен кездесті.

«Қазақстандағы әр отбасы бақуат­ты өмір сүруге тиіс. Күш-жігеріміз әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталады. Біздің көмегімізбен жұмысшылар жұмыс орнындағы жеке қауіпсіздігінің, құқықтары мен денсаулығының қорғалатынына сенімді болады. Біз барлық жұмыс берушіден жауапкершілік талап етеміз» деді «Amanat»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев. Бұдан соң РСШ мүшелері Екібастұз тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді. Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтылды. Алдағы 5 жылда партия жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық аудит жүргізуге, жылумен жабдықтау проблемаларын шешу бойынша аумақтық жол карталарын әзірлеуге кепілдік береді.

Партия Үкіметтің тек ірі қалалар мен астанаға ғана емес, еліміздің барлық өңіріне назары аударуын қамтамасыз етеді. Павлодар қаласында штаб мүшелері сайлаушылардың талап-тілектерін қабылдады. Негізінен, азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу және т.б. мәселелер алаңдатады. Партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында Павлодар облысында кемінде 65 мың жұмыс орнын ашу, ШОБ кәсіпорындарының санын 65 мың бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, алдағы 5 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй (шамамен 15 мың пәтер), 7 мектеп салынады, кемінде 100 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Ауылдық елді мекендерде 30 жаңа медициналық нысан, ал тікелей облыс орталығында – 2 консультативтік-диагностикалық орталық пайда болады. Биыл «Amanat» «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау орталықтарын құрады. Жалпы, 2028 жылға дейін 1,5 млн астам жас жұмыспен қамтылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button