Елорда тынысы

Мұз айдыны ашылды

Елордада қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашылған мұз айдында тегін қызмет көрсетіледі.

Ашық аспан аясындағы мұз айдыны NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының маңында орналасқан. 150 адамға арналған айдын 1300 шаршы метрді алып жатыр.

Жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілер үшін киім ауыс­тыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойы жұмыс істейтін 3 мың автомобильге арналған жерасты тұрағы қарастырылған. Айдынға өз конькиімен кіруге болады, ал конькиі болмаған жағдайда дәл сол жерде жалға алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button