Жаңалықтар

Мың литр наурыз көже даярланады

Астанада ертең көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамын тойлауға арналған халықтық серуендер басталады. Ашық алаңдардағы жалпықалалық мерекелік шаралар 25 наурызға дейін жалғасады.


Наурыз мейрамына арналған бағдарлама аясында елорда тұрғындары мен қонақтары ЭКСПО көрме кешенінің аумағында бірегей этноауыл мен тақырыптық киіз үй-музейлерді тамашалай алады. «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Дала қазығы» тарихи ортағасырлық жекпе-жектер турнирі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, еліміздің эстрада жұлдыздары мен жетекші шығармашылық ұжымдардың қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен концерттер болады. Мереке аясында қала тұрғындары мен қонақтарына мың литр наурыз көже де ұсынылмақ.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button