Басты ақпаратМәдениет

Нью-Йоркте жүлде алды

Көрерменнің жылы ықыласына бөленген «Анаға апарар жол» фильмі Біріккен Ұлттар ұйымында өткен WeLink кинофестивалінде жоғары бағаланды, деп хабарлады 24 хабар арнасы. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам кино мамандары қатысқан.

Аталған телеарнаның мәліметіне жүгінсек, отандық туынды «Өмір жетістігі» номинациясындағы «Үздік көркем фильм» жүлдесін жеңіп алған. Ананың балаға деген махаббаты, туған жерге деген адалдығы Нью-Йорк тұрғындарын шынайы тебірендірген. Кинофестивальге түрлі жанрда кино түсіріп жүрген АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Судан, Таиланд және Жапония сынды елдердің өкілдері келген. Шараның мақсаты – кино саласындағы мамандардың басын қосып, тәжірибе алмасу, халықаралық бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік беру. Айта кетейік, «Анаға апарар жол» тарихи драмасының Бас продюсері – Әлия Назарбаева, ал режиссері – Ақан Сатаев. Бұл фильм Испания, Ресей және Хорватияда өткен кинофестивальдарда жоғары марапаттарға ие болған.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button