Sport

Хоккейге әуес бала көп

Астанада хоккейге қызығатын балалардың саны артып келеді. Оған әр ауданның ашық алаңдарында, мектептердің жанында және саябақ пен өзен үстіне жасалған мұз айдындары да сеп болып жатыр.

Хоккейді әуес көрген кішкентайлардың бір ауық басын қосып, бір-бірімен ойнатып тұрса, бұл спортқа деген құмарлық арта түспек. Осындай іске Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы бастамашы болып, «Барыс» мұз сарайында балалар командалары арасында жолдастық матч ұйымдастырды.
Қос команданың бірі Астанадағы №10 спорт мектебі болса, екінші команда Ақкөл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралды. Сөйтіп 2005 жылы туған балалар арасындағы ойын негізгі уақытта бір ұпай айырмашылығымен Ақкөлден келген команданың жеңісімен аяқталды. Есеп – 6:5.
№10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 5 жастан асқан баладан бастап қазақстандық хоккей лигасының жастар мен жасөспірімдер лигасының командаларына дейін оқиды. Мектеп түлектері – Жастар мен Құрлықтық хоккей лигаларында ойнайтын отандық клубтардың мүшесі.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button