#Жаңа Қазақстан

Несіпбек Айтұлы: «Халық осы сайлаудан үлкен үміт күтіп отыр»

Алаштың белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы №351 сайлау учаскесінде өз дауысын берді. 

-Бүгін қала тұрғындары таң атпай келіп сайлауда дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскесіндегі жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Бұл әрине Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов бастаған азаматтардың арқасында деп білемін. Дауыс беруге келіп жатқан халықтың көңіл-күйі өте жақсы, барлығы бір кісідей ат салысып жатыр. Ауа райының суығына қарамай ардагерлер де таяқтарын ұстап белсенділік көрсетіп жатқанын байқадым. Осының бәрі халықтың сайлауға деген сенімін, үлкен үмітін білдіреді. Мына заман өзгере ме, тұрмыс өзгере ме, ішкі-сыртқы саясат қалай жұмыс жалғастырады деп халық ойлануда. Мен де өзімнің көңілім қалаған үміткерге дауыс беруге келдім,— деді ақын.

Астанадағы №143 сайлау учаскесінде 2584 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 25 сайлаушы кәмелеттік жасқа толған. Учаскеде елордалық 8 бақылаушы бар, ал 17 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш берген.

Зарина Сәрсенбаева

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button