Қоғам

Оқырман ойы – олжамыз

Астанада «Баспасөзге жазылушылар күні» дәстүрлі мерекесі өтті. Жыл сайын газет-журнал оқырмандары үшін ұйым­дас­тырылатын шараға елімізге белгілі басылымдар өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Ән-шашумен ашылған шараға келген қонақтарды «Қазпошта» АҚ «Астана поч­тамт» астаналық филиалының директоры Гүлмира Бабенова баспасөзге жазылу науқанының басталуымен құттықтап, газет-журнал ұжымдарына жемісті еңбек, шығармашылық табыс тіледі.
«Астана ақшамы» газетінің арнайы сө­ресіне келіп, басылым туралы ой бөліскен оқырманның бірі Алмагүл Борантаева ыс­тық ықыласын былайша білдірді:
– Менің мамандығым – педагог. Қазір зейнетте болсам да білім беру ісінен қол үзген жоқпын. Қолым тигенше қазақша, орысша газеттерді оқып тұрамын. Ал сіздердің «Астана ақшамын» бірінші кезекте қараймын. Өйткені бұл Астанамыздың төл газеті ғой. Қаланың тіршілігі туралы жақсы жазасыздар. Соңғы кездері газеттеріңіз қызық болып барады. Биыл да міндетті түрде жазыламын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қала тұрғындарын астаналық газетке жазылуға шақырамын. Оқыр­мандарыңыз көбейе берсін!
Осы күні мерекелік шараға келіп өз өнімдерін, яғни газет-журналдарын ұсынған «Егемен Қазақстан», «Вечерняя Астана» газеттері, «National Geographic», «Қазақстан әйелдері» журналдары және басқа да басылымдар өкілдері де оқырмандарымен қауышып жатты.
Мерекелік шараға арнайы келіп, бір­неше адамға «Астана ақшамы» газетін тегін жаздырып беруге ниет білдірген «Эксклюзив Даму» ЖШС директоры Мұрат Бейісбаев деген азамат көңілімізді кәдімгідей көтеріп тастады.
– «Астана ақшамы» газетіне Ауғанстан соғысы салдарынан мүгедек болып қал­ған 5 жауынгерді алдағы жылға жаздыруға келдім. Өзім де оқитын боламын.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button