Білім

Қағазбастылыққа ұласып кетпесе…

Уасиля ТӨЛЕУҒАЗЫҚЫЗЫ, Астана қаласындағы №75 мектепгимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Биылғы оқу жылының басында педагог мамандары аттестациядан өткізу туралы – ҚР БҒМ министрінің №152 бұйрығы жарияланды. Күшіне еніп, білім ошақтарына тарады. Ұжыммен бірге естідік, қуандық та, жүрексіндік те. Өйткені эмоциялық тұрғыда жақсы да, жаман да жақтары болды. Жыл сайын, тіпті 6 ай сайын біз неге аттестациядан өте беруіміз керек? 5 жыл сайын онсыз да ұстаздар қауымы біліктілігімізді дәлелдеп жүрміз ғой. Өзіме бұл сынақтың кезең сайын өте беретіні ұнамады. Қайта-қайта неге білімімізді дәлелдейміз?! Біз неге қайта-қайта күпкіге тоғытылған тоқты құсап жүруіміз керек? Бірнеше әріптестеріммен бірге осыны қолдамадық. Өзім аттестациядан өтуге өтініш жазбадым. Өйткені бірінші тапсырған әріптестерімнің көбі сынақ тапсыра алмады. Ал білімін дәлелдегендер бөркін аспанға ата қуанды.

Тиімсіздігін айтсам, менің жұмыс тәжірибем жеткілікті. Осы уақытқа дейін ғылыми мақала жаздым, сынып алдым, әртүрлі курс оқыдым. Сосын біліктілік сертификатымды бес жыл сайын жаңартып тұрдым. Сөйтіп жүрген адамға, мынау 6 ай сайынғы пәрмен жүйкеге салмақ. Әрине, ол ерікті түрде. Бірақ, әріптесіңнің ақшасы көбейіп жатқанын көресің, сосын тыпыршисың. Дайындаласың, шаршайсың. Өтсең, тағы мейлі. Былтырдан бері оқушылармен қаншама тамаша жұмыс атқардым. Арасында ҰБТ-ға дайындаймыз. Сөйте тұра, білік-білігімді тайға таңба басқандай болса да, жұмысыммен қоса неге жүктемеге салуым қажет?

Тиімді жағы да бар ғой… Мәселен, біліміңізді дәлелдесеңіз, жалақыға 30, 35, 40, 45 пайыз көлемінде үстемақы қосылуы мүмкін… Бірақ сол айлығымыз да төмендеу болып тұр ғой қазіргі уақытта. Осы күзде өзімді-өзім сынап көргім келген, дайындығым пысық талмады. Енді көрерміз бір жағынан реті келгенде…

Келе-келе сынақ пен қағазбастылықтан балаларға сабақ беруге уақыт қалмай ма деп қорқамын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button