Елорда тынысы

Қалалық алаң тартымды орынға айналды

Елорданың қалалық алаңы түбегейлі өзгеріп, қала тұрғындарының бос уақыттарын жайлы өткізетін тартымды орынға айналды. Бетон блоктары мен бос жатқан аумақтың орнына қоғамдық кеңістік абаттандырылып, субұрқақтар, сахна, қалқалар, демалуға арналған орындар құрылып, ағаштар отырғызылды. Мұнда тұманды булануы бар тостаған түріндегі субұрқақтар және арка тәрізді субұрқақ орнатылды. Жақында шар тәрізді құрғақ субұрқақ пайда болады.

[smartslider3 slider=3200]

Оң жағалауда Бейбітшілік көшесінде орналасқан қалалық алаң бірыңғай серуендеу маршрутына айналады. Жаңа қоғамдық кеңістік «Жастар» сарайынан Музыкалық жас көрермен театрына дейінгі аралықты қамтып, «Театр» жаяу жүргіншілер желекжолы, Ә.Мәмбетов көшесіндегі «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер желекжолы мен арбатты жалғап, қаланың тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті байланыстырады.

Абаттандыру жұмыстары «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізілуде. Биыл елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады. Тек соңғы жылдары 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button