Елорда тынысы

Қар шығару жалғасуда

Бас қалада жапалақтап жауған қар айналаны ақ ұлпаға орады. Осыған орай, коммуналдық шаруашылық саласының мамандары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп, қала көшелерін қар мен мұздан тазарту жұмысын жалғастыруда.

Кеше түстен кейін қар тазалау жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Мамандардың мәлімдеуінше, түнгі уақытта елордадан 6 мың текше ­метрден астам қар шығарылды.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары, содан кейін барып орташа қарқыны бар учаске-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. жерлер қардан тазартылады.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3 млн текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 234 мыңнан астам рейс жасалды.

Сондай-ақ толассыз жауған жапалақтар көшелерді басып, жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де қолайсыздық тудырмауы үшін тазалыққа жауапты мамандар күн-түн демей дамылсыз қар шығарумен айналысып, коммуналдық қызметтер жолдарға, көшелерге, тротуарларға, аялдама павильондарының маңына үнемі құм-тұз қоспасын себуде. Бұл ретте бірінші кезекте көлік қозғалысы үшін ең қауіпті магистральдар мен көшелердің учаскелері өңделуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button